"Сара Назарбаева. Өзін-өзі тану - бұл өз-өзімен үйлесімділікте өмір сүру" кітап көрмесіне шолу



"Сара Назарбаева. Өзін-өзі тану - бұл өз-өзімен үйлесімділікте өмір сүру"
кітап көрмесіне шолу

2020 жылдың 4 ақпанында ҚЖМК-нің оқырман залында "Сара Назарбаева. Өзін-өзі тану-бұл өз-өзімен үйлесімділікте өмір сүру" кітап көрмесіне шолу жасалынды. Сара Назарбаева «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорын ұйымдастырушы және президенті. Қоғамдық қор — қайырымдылық шараларын өткізу және қоғамда балалардың құқығы мен заңды талаптарын қамтамасыз етумен шұғылданатын мемлекеттік емес ұйым. Бұл біртуар әйелдің есімі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, шет елдерде де мойындалған. Мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп, оңалту орталықтарының, жастар үйлерінің құрылыстары ұйымдастырылып, балаларды тәрбиелеу жөнінде жалғыз басты аналар мен әкелерге көмек көрсетілді, отбасылық үлгісіндегі балалар үйлері құрылды. Өзінің еңбегі үшін Сара Алпысовна көптеген жүлделерге, грамоталарға және сыйлықтарға лайық болды. Ол адами құндылықтарға бай кітаптардың авторы. Студенттер көрменің қызықты материалдарымен танысты.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ