«Жатыр мойнағының қатерлі ісігі мен сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу» семинар-тренингі



«Жатыр мойнағының қатерлі ісігі мен сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу»
семинар-тренингі

06.02.2020 ж. 303 МІ тобының студенттері акушерия және гинекология оқытушысы Ю.Ю.Надворнаямен бірлесіп «Жатыр мойнағының қатерлі ісігі мен сүт бездерінің қатерлі ісігінің алдын алу» семинар-тренингін өткізді. Тренингтің қатысушыларымен жатыр мойнағы мен сүт бездерінің қатерлі ісігінің алдын алу жөнінде әңгіме жүргізілді, сонымен қатар сүт бездерін өзбетінше тексеру жөнінде мастер класс көрсетілді.

Бір жарым мың қазақстандық әйелдер жыл сайын кеуде обыры мен жатыр мойнағының обырынан өмірден өтеді. Біздің елде сүт безінің обыры барлық онкологиялық аурулардың арасында бірінші орында. Егер ауруды ерте анықтау мүмкіндігі болса, жоғары өлім көрсеткішін азайтуға болатын еді.

Жыл сайын Қазақстанда төрт мыңдай әйелге қатерлі диагноз - кеуде обырын қояды. Белгілерін анықтау қиын емес. Ең алдымен әйелді кеудесіндегі кез-келген тығыздалу алаңдату қажет. Сонымен қатар терінің қабыршақтануы, қызаруы, ауырсыну мен ісіну белгілері болады.

Жатыр мойнағының обырына қатысты - бұл әйелдің репродуктивті жүйесінің ауруы, жатыр мойнағында қатерлі ісіктің пайда болуымен сипатталады. Барлық жағдайларда жатыр мойнағының обыры адамның папиллома вирусын жұқтыруынан пайда болады. 

Аталған аурудың негізгі симптомдары ауырсынулар мен жатырдан қан кету болады, кейбір жағдайларда симптомдар мүлдем болмайды. 

Бұндай жағдайларда ауру аяқ астынан диагностикаланады, әйелдің дәрігер-гинекологқа жоспарлы тексерілу кезінде болуы мүмкін.

ТЕКСЕРІЛУДЕН ӨТІҢІЗ!!!
ЕРТЕҢГЕ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!!!

 










«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ