Снежный драйв
Басты -> Жаңалықтар -> Снежный драйв
Жыл сайын қыстың соңында өтетін қар атысу осы жылы 3 курстың студенттерінің басын қосты. «Үздік бітіруші топ 2020» байқау-конкурсының үшінші кезеңі осылай өтті.
2020 жылдың 14 ақпанында колледждің спорт алаңында 301, 302, 303 «Мейіргер ісі» және 301, 302 «Емдеу ісі», 301 «Фармация», 301 «Стоматология» және 301 «Лабораториялық диагностика» топтарынан 3 адамнан 8 команда жарысқан болатын.
Студенттер әртүрлі конкурстарға қатысты: арқан тартысу, қапшықты киіп жүгіру, қар атысу, және капитандарға арналған конкурс.
Барлық командалар жақсы ойын көрсетіп, барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, тартыстың соңында ДОСТЫҚ жеңді деп шешті.
Эстафетаның соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың және әділ қазылардың ойлары бойынша - таза ауадағы бұндай ойындар бір-бірімен тіл табысып, денсаулықты нығайту үшін жақсы мүмкіндік.