Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске үлесін қосқан әскери фельдшерлер жайындағы мұражайлық сабақ



Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске үлесін қосқан әскери фельдшерлер жайындағы мұражайлық сабақ

Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы қарсаңында мұражай меңгерушісі Азтаева Алма Турегалиевна және колледж еріктілері Утегенов Бекзат, Темирбекова Ляззат, Райх Елена және Потапенко Сергей Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске үлесін қосқан әскери фельдшерлер жайында мұражайлық сабақты дайындап, өткізді. 

Исмуратовтар отбасы ұсынған Макин Зенгетаев фельдшерлік-акушерлік мектебінің 1942 жылғы түлектері туралы құжаттарды, қосымша материалдарды және мұрағаттық материалдарды пайдалана отырып, студенттер Ұлы Отан соғысы кезіндегі фельдшерлер мен санитарлардың медициналық қызметінің әскери көрінісін толық елестете алды.  

Сонымен қатар студенттер медициналық қызметкерлердің әскери формасы, медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және жараланғандарды эвакуациялау жүйесі туралы айтып берді. Мұражайлық сабақ жаңа материалды талқылаумен және тақырып жайында сұрақтарды бекітумен аяқталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ