«Возьмемся за руки друзья» спорттық-көпшілік іс-шарасы
Басты -> Жаңалықтар -> «Возьмемся за руки друзья» спорттық-көпшілік іс-шарасы
26 ақпанда Қостанай жоғары медициналық колледжінің спорт залында Алғыс айту күні қарсаңында «Возьмемся за руки друзья» ұранымен 103 «Емдеу ісі» және 201 «Мейіргер ісі» топтарының арасында жарыстар өтті.
Жарыс басталмас бұрын 101 «Емдеу ісі» тобының студенттері Враков Евгений және Сухорукова Кристина Алғыс айту күнінің тарихымен таныстырып кетті.
Эстафетаның бағдарламасында болды:
1. Допты қолмен алып жүру (баскетбол добын)
2. Допты жоғарыдан беру
3. Допты аяқпен қысып жүгіру
4. Эстафета таяғымен жүгіру
5. Шеңберді ұстап жүгіру
6. Допты аяқтың екі ортасынан беру
7. Теннис ракеткасын ұстап жүгіру
8. Арқан тартысу
Көңілді, тартысты жарыстың нәтижесінде 103 «Емдеу ісі» және 201 «Мейіргер ісі» топтары тең түсті, есеп 20:20.