«How to Help Someone who has Fainted»



«How to Help Someone who has Fainted»

01.03.2020 ж. «Емдеу ісі» мамандығының 102 тобының студенттері «First Aid Training» әлеуметтік жобасының аясында Л.Толстой атындағы қалалық кітапханасының «Америкалық бұрышында» ВОЛОНТЕРЛАР ретінде «How to Help Someone who has Fainted» тақырыбында мастер класс өткізді. Аталған жобаның мақсаты медицинада ағылшын тілінен кәсіби-бағытталған алаң құрастыру, «Волонтерлық жұмыс» арқылы ағылшын тілінде денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.  

Камиля Жаугаштинова, Есберген Курмангалиев, Рината Марданова, Елена Райх «How to Help Someone who has Fainted» тақырыбы бойынша кең таралған медициналық терминдер бойынша лексикалық минимум ұсынды. Олар шетелдік зардап шегушіні қабылдау көрінісін көрсетіп, ағылшын тілінде нұсқаулық берді. Тақырып бойынша презентация әзірлеп, мастер классты өткізу барысында қолданған үлестіру материалдарын дайындады.  

Қатысушылар ағылшын тілінде сұрақтарын қойды. Олар волонтерларға пайдалы ақпараттары үшін алғыстарын айтты. Іс-шараның соңында барлығы фотоға түсті.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ