1 курс арасындағы КВН



1 курс арасындағы КВН

2020 жылдың 2 наурызында медициналық колледждің мәжіліс залында «Бірінші курс кубогы» КВН конкурсы өтті. 

Осындай форматта турнирді өткізу дәстүрге айналған, үшінші жыл қатарынан 1 курс студенттері көңілді және тапқырлар атану үшін жарысуда. 

Жобаның негізгі мақсаты жастардың бос уақытын ұйымдастыру формасы ретінде КВН қозғалысын дамыту және насихаттау; колледждің қоғамдық өміріне жастардың қатысуын жандандыру.  

1 курс студенттері арасында үздік команда атану үшін 7 команда сайысқа түсті.

Барлық омандалар үш кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті:
– Таныстыру (визитка)
– «Биатлон»
– «Театр начинается…»

Көрермендер командаларды жақсы қарсы алып, әділ қазылар қатысушылардың өнерлерін бағалап отырды.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер:
1 орын –«Бунтарки» командасы – 101 Фармация
2 орын –«Адреналин» командасы – 102 Лечебное дело
3 орын –«Фармастители» командасы – 102 Фармация

«Үздік актриса» номинациясы – Темирбекова Ляззат

«Үздік актер» номинациясы – Утегенов Бекзат

 


 

СКАЧАТЬ КВН среди 1–курсов 2020_03_02 (137 фото)

 










«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ