«Жалпы гигиена курсымен микробиология және вирусология» пәнінен ашық сабақ



«Жалпы гигиена курсымен микробиология және вирусология» пәнінен ашық сабақ

2020 жылдың 3 наурызында арнайы пәндердің оқытушысы Рышманов Арман Болатович «Фармация» мамандығының 101 тобында «Іріңді-қабыну аурулардың қоздырғыштары» тақырыбында «Жалпы гигиена курсымен микробиология және вирусология» пәнінен ашық практикалық сабақ өткізді. 

Сабақтың негізгі мақсаты іріңді-қабыну аурулар қоздырғыштарының алдын алу және емдеу, патогенезі, таксономиясы, эпидемиологиясы, морфологиясы туралы оқу материалын зерделеу. 

Сабақ барысында білім алушылар танымдық қызығушылық танытып, талдау жасай білу, шешімдерді тұжырымдау қабілеттерін көрсетті. 

Оқытушы болашақ фармацевттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға әсер ететін әртүрлі технологияларды, оқытудың әдістерін және формаларын пайдаланды, өткен материалды қайталауға арналған «Своя игра» интерактивті ойыны қызықты болды. 

Сабақ барысында білім алушылар стафилококктардың, стрептококктардың, гонококктардың, менингококктардың биологиялық ерекшеліктерін, микробиологиялық диагностика принциптерін, табиғаттағы патогендік қоздырғыштардың таралуын, адам патологиясындағы олардың маңызын оқып білді. 

Арман Болатович өзінің қызметінде пәнішілік, пәнаралық байланыстырды, диалогты оқу-танымдық қызметті жүргізу әдісі ретінде пайдаланып, жағымды эмоциялық жағдай қалыптастырады. Оқытушының кәсіби қызметінде өзіндік ерекшелігі бар және әрдайым білімін жетілдіруге талпынады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ