Жеңіс күнімен! Ұлы Отан Соғысындағы Кустанай медициналық қызметкерлерінің ерліктері



Жеңіс күнімен!
Ұлы Отан Соғысындағы Кустанай медициналық қызметкерлерінің ерліктері

Кустанай фельдшерлік мектебінің мейірбикелері, фельдшерлері және дәрігерлері фашист әскерлерінің жаудырған оқтарына қарамастан, қақаған аязда, жаңбырда, ыстықта, адам шыдамайтын жағдайларда өздерінің борыштарын орындады - Қызыл Әскер жауынгерлерін құтқарды.

Ұлы Отан соғысы кезінде 1941-1945 жылдары жүз мыңнан астам медициналық қызметкерлер қаза болып, хабарсыз жоғалғандар болғаны белгілі, соның ішінде біздің оқу орнымыздың түлектері мен оқытушылары да бар. Осы жерде біз мейірбикелер Зинаида Петровна және Нина Ранцеваның Ржев операциясындағы, Александра Ткаченконың Берлин операциясындағы, әскери фельдшер Макиш Зенгетаевтың Ленинград блокадасындағы ерліктерін атап өтуіміз керек. 

Біздің кеңес одағының медициналық қызметкерлері жарақаттанған жауынгерлердің 72,3% және науқастардың 90,6% қатарға қосты. Бұл шамамен жауынгерлік тәжірибемен 18 миллион сарбаздар мен жауынгерлер. Бұл бірнеше дивизияның емес, бірнеше әскердің сарбаздар саны. Сондықтан соғысты жарақаттанғандар және біздің медициналық қызметкерлер жеңді деп есептеуге болады.… 

Кеңес Одағының маршалы К.К. Рокоссовский айтқандай: «Войну мы выиграли ранеными…» 

Қостанай жоғары медициналық колледжінің патриоттық және жауынгерлік тарихымен барлық студенттер бірінші курста танысады. Ол үшін директордың әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Русинова Елена Алексеевна, жастармен жұмыс жөніндегі педагог Сулейменова Балдырган Кужановна, мұражай меңгерушісі Азтаева Алма Турегалиевна және студенттік топтардың кураторлары іс-шаралар циклін жоспарлап, ұйымдастырып, өткізеді. Бұл мұражайлық және куратор сағаттары, әскери әндер конкурсы, викториналар және басқа аудиториядан тыс сабақтар. 

Осы жылы Жеңістің 75 жылдығына арналған челленджге біздің студенттер қатысты. Соғыс жылдары фельдшерлік мектеп базасында 4 эвакогоспиталь құрылған, соларға арнап «Емдеу ісі» мамандығының екінші курс студенті Хан Юлия «Сестра, ты помнишь, как из боя меня ты вынесла в санбат…» өзінің әнін арнады. «Мейіргер ісі» мамандығының түлегі Дощанова Асем «Вальс медицинской сестры» әнін орындады. «Мейіргер ісі» мамандығының 1 курс студенттерінің триосы Токушева Ырысжан, Нурымханова Балерке және Сейилханова Жансая қазақ тіліндегі Ұлы Отан соғысының еріктілеріне арналған «Ұлы жеңіс шаттығы» әнін орындады.












«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ