Мед.қызметкерлердің біліктілікті жетілдіру бөлімі




ЖҮКТЕУ 2021 жылға БЖБ жоспары қаз
ЖҮКТЕУ 2021 жылға БЖБ жоспары орыс




Медициналық қызметкерлердің біліктілікті жетілдіру бөлімі

Бөлім облыстық денсаулық сақтау Басқармасының 1996 жылы 09.04-да №64-к бұйрығымен ашылған (облыстық ауруханадағы ұқсас курстар қайта ұйымдастырылғаннан кейін), медициналық колледжінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Біліктілікті жетілдіру бөлімі 1999 жылдың 01.01-нан шаруашылық есеппен жұмыс істейді. Штаттық кестеде жетекшінің 1 ставкасы - директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, зерханашының 1 ставкасы, іс жүргізушінің 1 ставкасы қарастырылған. 2014 жылдан бастап бөлімнің құрамында Аймақтық симуляциялық орталық жұмыс істейді, 2 жаттықтырушы-нұсқаушы қызмет жасайды. Материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықталу колледж жүйесінде жүзеге асырылады. Бөлім өз жұмысында орта медициналық қызметкерлердің дипломнан кейінгі дайындығын реттемелейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа алады: ҚР ДМ 2009 жылдың 11.11-дағы «Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру Ережелерін бекіту туралы» № 691 бұйрығы, ҚР ДМ №433 бұйрығы сонымен қатар 2009 жылдың 26 қарашасындағы ҚР ДМ №788 бекітілген бұйрығымен ҚР медициналық және фармацевтикалық мамандықтары бойынша қосымша білім берудің Мемлекеттік стандарттары.

Орта буынды мамандарды дипломнан кейін дайындау жүйесі икемді болу мақсатында және облыстық денсаулық сақтаудың қажеттіліктеріне сәйкес келу үшін біліктілікті жетілдіру бөлімінің жұмысын жоспарлау келесі түрде орындалады.  ЕСҰ сұраныстарының негізінде келесі жылға мамандандырулар мен жетілдірулерді өткізу жоспар-кестесі әзірленіп, денсаулық сақтау Басқармасының жетекшісімен келісіліп, колледж директоры бекітеді. Жыл ішінде облыстың медициналық ұйымдары жағынан қажеттіліктері мен қалауларының өзгеруін ескере отырып, жоспарға өзгертулер енгізіліп, жоспардан тыс циклдар соның ішінде көшпелі оқытулар өткізілуі мүмкін.

Оқу үрдісінің тиімділігін арттыру жаңа құралдар мен оқытудың әдістерін қолдану арқылы, колледждің материалдық-техникалық базасы мен зертханаларын қолдану арқылы, кәсіби тренингтер, іскерлік ойындар, нақты жағдайлардың талдауын қолдану арқылы іске асырылады.  Тыңдаушылар үшін тәжірибелік сабақтар облыстың үздік емдік-сақтандыру ұйымдарында өткізіледі, бұл біліктілікті жетілдіру сапасын арттырудың маңызды аспектісі болып табылады, теориялық білімдерін тәжірибеде бекітулеріне мүмкіндік береді. Біліктілікті жетілдіру бөлімі үшін базалық ұйымдар тізімі облыстық денсаулық сақтау Басқармасының бұйрығымен бекітіледі.  Кесте бойынша сұраныстарға сәйкес фантомдар мен муляжарды, сонымен қатар жоғары интеллектуалдық роботталған науқастар манекендерін қолданумен симуляциялық жабдықтарда тренингтер өткізіледі.  Қостанай медициналық колледжі базасындағы Аймақтық симуляциялық орталығын дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерге біліктілік санатты беру мен сертификаттау кезінде білімін және тәжірибелік дағдыларын бағалауды өткізу үшін қолданады. 

Оқытудың мазмұны, тиімділігі және сапасы оқытушылық кадрлардың құрамымен анықталады. Қазіргі таңда дипломнан кейінгі дайындау бөлімінде сабақ беруге медициналық колледждің тәжірибелі жоғары және бірінші санатты оқытушылары, тәжірибелік дәрігерлер, облыстық денсаулық сақтау Басқармасының бас штаттан тыс мамандары, заңгерлері, психологтар, экономистер кең көлемде жұмылдыруда, барлығы 139 адам, соның ішінде жоғары біліктілік санаты бар - 92 адам, бірінші - 22 адам, 3 адамда медициналық ғылымдарының кандидаты дәрежесі бар.


"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения"

Әкіміктің 2015 жылғы 14 қазандағы №433 ""Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

О внесении изменений в постановление акимата от 14 октября 2015 года №433 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения""



     ЖҮКТЕУ Сертификаттау мен санатқа бағалар прейскуранты орысша
     ЖҮКТЕУ Сертификаттау мен санатқа бағалар прейскуранты қазақша


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап оқудың төлемақысы келесі реквизиттер бойынша жүргізіледі:

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының
У«Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК
110000, Қостанай қ., С.Баймағамбетов көш., 181 үй
БСН 990240003411, БеК 16, ТМК 861
KZ7296513F0007524037 
"ForteBank" АҚ филиалы Қостанай қ.
IRTYKZKA

Төлем тағайындау: біліктілікті арттыру

"ForteBank" АҚ филиалының мекенжайлары: 
Қостанай қ., Абай көш., 164
Қостанай қ., Тәуелсіздік көш.(бұрынғы Таран көш.), 155/1
Қостанай қ., Тәуелсіздік көш.(бұрынғы Таран көш.), 83




Симуляциялық жабдықты қолданумен тренинг сабақтарына қатысу үшін өзімен бірге болуы тиіс:
- жеке куәліктің көшірмесі,
- дипломның көшірмесі,
- тегі өзгерген жағдайда неке туралы куәлік,
- халат,
- екінші аяқ киім,
- медициналық қолғаптар.

     ЖҮКТЕУ 2021 жылға БЖБ жоспары қаз
     ЖҮКТЕУ 2021 жылға БЖБ жоспары орыс




Объявление!

Консультацию по подаче документов на сертификат и
на категорию можно получить по адресу Толстого 74.



БАЙЛАНЫС

Қазақстан Ресубликасы
Қостанай қ., Баймағамбетов көш., 181 индекс: 110000
 "Қостанай жоғары медициналық колледжі" КМК
тел.8(7142)54-41-79










«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ