"Медбикелік іс" бөлімі

 

0302000 «Медбикелік іс» мамандығы
0302033 – «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі

«Медбикелік ісі» бөлімі меңгерушісінің

Мухамеджанова Мадина Альтаевна 

В.И.Ленин атындағы облыстық аурухананың мұрағаттық анықтамасынан келесі мәліметтер алынды: 1938 жылы мейірбикелер мен санитарлардың біліктілігін арттыру бойынша курстар ұйымдастырылды. 1940 жылы облыстық ауруханада 34 орта және 50 кіші медициналық қызметкерлер болған.

1939 жылы орта медициналық қызметкерлер орталық базаларда мамандандырудан өтті, 21 орта медициналық қызметкерлер травматология бойынша, қан құю және гипстік техника бойынша курстан өтті, 7 мейірбикелер қан алу мен қан құю техникасын меңгерді, 12 адам арнайы дайындықтан өтіп, операциялық мейірбике ісін меңгерді. Аурухана жанында 35 тыңдаушыға арналған өндірістен үзбей мейірбикелер үшін 11 айлық курстар ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғыс жылдарында Қостанайда 5 госпиталь құрылып, онда Қостанай фельдшерлік мектептің білім алушылары жұмыс істеген болатын. 1941-1942 жылдары «Спартак» қоғамының және фельдшерлік мектеп жанында мейірбикелерді дайындауға арналған қысқа мерзімді курстар өткізілді. Солардың ішінде көбісі 3597 госпитальмен бірге майданға аттанды: Р. Тимаева, Р. Половинкина, Т. Ферофонтова, Н. Ранцева,М. Репина,Ф. Латыпова,В.Сотниченко.

50 жылдары республика және облыс бойынша емдеу мекемелерінің саны арта түсті, медициналық кадрларға қажеттілік көбейді.

50 жылдардың аяғына қарай емдеу мекемелерінің орта медициналық білімімен мамандарға қажеттілігі Қазақстанда 50 пайыздан төмен болды. Сондықтан 1961 жылы Кустанай қ. медициналық училище базасында «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша кадрларды дайындау басталды, және 1998 жылдан бастап дайындық мемлекеттік тілде жүргізілді. Осы кезге дейін колледж қабырғасында 8430 дан астам мейірбикелер дайындалды, соның ішінде 350 мемлекеттік тілде оқытылды.

Мамандардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін медициналық колледж басшылығы оқытушылар құрамын қалыптастыруды, оқу кабинеттері мен зертханаларды жоспарлауды және жабдықтауды жүргізіп отырады.

Оқу кабинеттері қазіргі заманғы оқу құралдарымен, жабдықтармен, фантомдармен және тренажерлармен жабдықталған.

Оқытушылардың біліктілік құрамы және саны аталған бағдарламаға сәйкес келеді. Мамандық бойынша оқу үрдісін 49 оқытушысы жүргізеді, соның ішінде 4 оқытушының құрметті «Денсаулық сақтау үздігі» атағы бар (Катпенова С.А., Жетписбаева Н.Б., Дуйсембаева Б.Г., Бузина С.П.).

Жоғары санаттағы оқытушылар саны 15 (38,5%) ал бірінші санаттағы оқытушылар 7 (17,9%). Соңғы 5 жылда біліктілікті арттырудан барлық штаттағы оқытушылар өтті (100%).

2013 жылдың маусым айында 4 симуляциялық оқыту (балалар аурулары, хирургия және ӨҚН, акушерия және гинекология, МІН және ішкі аурулар бойынша) кабинетінен және мониторинг ортылығы менеджерінің кабинетінен тұратын мониторинг орталығы ұйымдастырылып, қызмет жасауда. Кабинеттер жаңа оқу тренажерларымен, манекендармен, фантомдармен, эргономикалық жабдықтармен, медициналық жиһаздармен жабдықталған. 2015 жылдан бастап мониторинг орталығы симуляциялық орталық болып қайта құрылып, орта медициналық қызметкерлер мен студенттердің тәжірибелік дағдыларын өңдейді және кәсіби құзыреттілігін бағалайды.

«Медбикелік іс» мамандығы бойынша білім алушыларды тәрбиелеудің басты міндеттері кәсіптік бағыттылықты дамыту, болашақ маманның әлеуметтік бейімделуі, жан-жақты және үйлесімді шығармашылық тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Топ жетекшілері мен колледж оқытушылары азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

«Медбикелік іс» мамандығының студенттері үйірме жұмыстарына, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысып отырады.

Колледж бен МҰ-дың арасында «Медбикелік іс» мамандығы бойынша оқу, оқу-өндірістік және кәсіптік тәжірибеден өту үшін 33 екі жақты келісім шарт жасалған.

Ең ірі клиникалық базалар келесілер болып табылады: Қостанай облыстық аурухана, Қостанай облыстық балалар ауруханасы, Қостанай перинаталдық орталығы, Қостанай қалалық аурухана, Қостанай қалалық балалар ауруханасы, № 3,4 емханалар. Базалық МҰ-да тәжірибеден сапалы өту үшін барлық жағдайлар жасалған, колледж студенттері үшін 10 оқу бөлмелері бөлінген: облыстық ауруханада (2), перинаталдық орталықта (1), қалалық ауруханада (5), № 1 емханада (1), № 4 емханада (1).

МҰ-мен келісім шарт құрастыру барысында өндірістік тәжірибені өткізу кезінде дуальды оқытудың элементтеріне көп көңіл бөлінеді. Аталған оқытудың басымдылық негіздері: маманның тұлғасына әсер ету, болашақ медициналық қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру; жұмыс орнында кәсіби міндеттерін орындау тікелей алған білімінің сапасына қатысты болатындықтан, білім алуға және жұмыстағы дағдыларды меңгеруге жоғары мотивацияны қалыптастыру; МҰ жетекшілерінің өзінің «маманының» оқуына қызығушылықтарын арттыру; оқу орны МҰ-мен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, оқыту кезінде болашақ маманға қойылатын барлық өндірістік талаптарды ескеріп отырады.

Шеберлік, пациенттермен қарым-қатынас жасай білу, тәжірибелік манипуляцияларды өңдеу - бұл кәсіби қасиеттер студенттерде тәжірибелік сабақтарда, МҰ-да оқу-өндірістік және өндірістік тәжірибелерден өту барысында қалыптасады.

Базалық МҰ мен колледж әкімшілігі тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуге, студенттердің тәжірибелік оқытудан табысты өту үшін қажетті жағдайларды жасауға, оларға тәжірибе бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін жұмыс орындарын ұсынуға бірлесіп жауапты болады.

Аталған біліктілік бойынша еңбек нарығындағы қажеттілік «Медбикелік іс» мамандығы бойынша түлектердің жұмысқа орналасуымен дәлелденеді. Жұмысқа орналасу анализі орта есеппен 93% түлек жұмысқа орналасқанын көрсетеді, ал түлектердің жалпы санынан 0,4% ЖОО-на түседі.














Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ