"Емдеу ісі" бөлімі

 

0301000 «Емдеу ісі» мамандығы
біліктіліктер 0301013 «Фельдшер», 0301023 «Акушер(-ка)»


Бөлім меңгерушісі
Бузина Светлана Петровна,
колледждегі еңбек өтілімі 33 жыл.

Мамандықтың №1 бөлімі  

Ересек тұрғындарға және балаларға дәрігерге дейінгі, емдік-сақтандыру көмек көрсету жұмысында денсаулық сақтауды мамандармен қамтамасыз ету үшін колледждің №1 бөлімінде «Фельдшер» және «Акушер(ка)» біліктіліктерімен «Емдеу ісі» мамандығы бойынша студенттерді дайындау жүргізіледі.

Оқыту мерзімі: жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.

Оқыту мерзімі аяқталғаннан кейін түлекке «Фельдшер» және «Акушер(ка)» біліктілігімен орта буын маманның дипломы берілді.

Барлық түлектердің БЖБ-де «Медициналық массаж негіздері» бойынша қосымша білім алуға мүмкіндері бар.

Сертификатқа ие болғаннан кейін түлектер әртүрлі медициналық ұйымдарында өзінің тәжірибелік қызметіне кірісуіне болады.

 

 Біліктілік:0301013 «Фельдшер»

«Фельдшер» біліктілігімен бітірген түлектің кәсіптік қызметінің объектілері әртүрлі жастардағы ересек тұрғындар және балалар болып табылады.

Түлектің біліктілігіне арналған кәсіптік қызметінің түрлері

«Фельдшер»:
- Стационар, емхана, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер, шұғыл медициналық көмек станциялар жағдайларында паценттерге емдік-диагностикалық, медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем көмек көрсету;
- Жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;
- Індет, шұғыл жағдайлар, жаппай зақымдану ошағындаға тұрғындарға медициналық көмек көрсету;
- Науқасты реабилитациялауға қатысу, науқастармен және олардың отбасымен бірігіп жұмыс жасау, науқастың құқығын сақтау және әртүрлі жас топтарындағы тұрғындардың денсаулығын демеу және нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
- Науқастардың денсаулығы үшін қатерлі ықпалдар жөніндегі және осы ықпалдардың денсаулыққа әсері жөніндегі сұрақтар бойынша тұрғындарға кеңес беру;
- Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.


Біліктілік: 0301023 «Акушер(ка)»

«Акушер(ка)» біліктілігімен бітірген түлектің кәсіптік қызметінің объектілері әртүрлі жастағы үлкен және кішкентай әйел тұрғындар болып табылады.

«Акушер(ка)» біліктілігіне арналған түлектің кәсіптік қызметінің түрлері:
- Әртүрлі саладағы акушерлік және гинекологиялық бөлімшелерде, перинатальды орталықтарда және анамен баланың денсаулығын сақтау орталығында, әйелдер кеңесінде, стационарлық және емханалық типтегі медициналық ұйымдардың бөлімдерінде және диагностикалық-көмек көрсету қызметтерінде жүкті, босанатын, босанған, гинекологиялық науқастарға емдік-диагностикалық көмек көрсету;
- Асқынбаған босану өздігінше, ал патлогиялық босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңде дәрігер акушер-гинекологпен бірігіп медициналық көмек көрсету;
- Мамандықтың саласы бойынша жіті аурулар және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету;
- Індет жағдайында, көлемді зақымдану ошақтарында келеңсіз жағдайларда тұрғындарға медициналық көмек көрсету;
- Гинекологиялық ауруларды анықтау мақсатында әйелдерді алдын-ала қарау (дәрігермен бірге немесе өздігінше);
- Жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін контрацепцияның заманауи әдістерін және жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың алдын алу үшін қажетті әдістерді енгізу шараларын жүргізу.

Мамандықтың қысқаша тарихы

Бұл мамандықтың тарихы 1929 жылы Қостанай облыстық аурухана базасында акушерлік техникум ашылғаннан басталады. 1935 жылы Кустанай фельдшерлік мектеп жанында фельдшерлік бөлім ашылған болатын.

1948 жылы фельдшерлік мектеп фельдшерлік-акушерлік мектеп болып қайта құрылды. Оқу мерзімі 4 жылға ұзартылды.

1952 жылы фельдшер-акушерлердің алғашқы шығарылымы болды. Бұндай біліктілікпен мамандар тың игеру жылдарында сұранысқа ие болды. Бөлімнің түлектері Кустанай облысының жаңа совхоздарының медициналық бөлімшелеріне жіберіліп отырды.

85 жыл аралығында 2000-нан астам акушер мен 67000 фельдшер дайындалды. Олардың барлығы медицина саласында адал қызмет атқаруда. Біздің түлектер облыстық, қалалық емдеу сақтандыру ұйымдарында, перинаталдық орталықта, жедел жәрдем орталықтарында, фельдшерлік-акушерлік бөлімдерде еңбек етуде.

Бөлім басқару орындарында отырған, марапаттары мен атағы бар түлектерін мақтан тұтады: Жаныбеков Ж.Ж., Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болған, Жадько Н.Г. Исмагулов А.С., – Қазақ ССР еңбек сіңген дәрігерлері.

Баланың денсаулығы мен әйелдің тағдыры көбінесе акушеркаға байланысты болады. Біз түлектерімізді мақтан етеміз Булгацевич Т.Б.- перинаталдық орталықтың бас дәрігері, Аутенов Б.Б. – әйел консультациясының меңгерушісі, Чадова И.В. – перинаталдық орталықтың бас акушері.

 

Бөлім қазіргі таңда

Бөлім меңгерушісі Бузина Светлана Петровна. Колледждегі еңбек өтілімі 33 жыл. Біліктіліктің жоғары деңгейіндегі арнайы піндердің оқытушысы. Денсаулық сақтау үздігі.

 

Бөлім бойынша 38 штаттағы оқытушылар оқу үрдісін жүргізеді, соның ішінде 55% бірінші және жоғары біліктілік санатына ие.

Оқытушылар педагогикалық қызметінде тұлғалық-бағытталған, құзыреттілік және гуманистік әдістерді қолданады. Оқу үрдісінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады.

Заболотникова Н.С., Брынская Л.А., Воронцова И.Н., Романова О.Л., Романюк И.Е., Рябуха Е.В., Сафронова Л.А. сияқты оқытушылардың кәсібилігі, өз ісіне деген шығармашылығы әрқащан ерекшеленеді.

Студенттік өзіндік басқару аясында бөлім Кеңесі жұмыс жасайды, онда сабаққа қатысу мен үлгірім, мерекелер мен іс-шараларға дайындық сұрақтарын қарастырады.

Бөлім студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып отырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары айтарлықтай өзекті, кәсіби қызметтің элементтері бар, тәжірибелік денсаулық сақтау үшін маңызды болып табылады.


Алғашқы буынның даму және нығаю тұжырымдамасын және госпитальға дейінгі кезеңдегі тиімді медициналық көмекті ескере отырыптәжірибелік дайындыққа көп көңіл бөлінеді.

Клиникаға дейінгі тәжірибені студенттер колледждегі кабинеттерде өтеді. Соңғы жылдары арнайы пәндердің кабинеттері қазіргі заманғы құралдармен, симуляторлармен және тренажерлармен жабдықталды. Студенттер үшін колледждің симуляциялық орталығында мастер-класстар өткізіліп тұрады.



Клиникалық тәжірибенің негізгі базалары: «Қостанай қалалық аурухана», «Қостанай қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы», «Қостанай перинаталдық орталығы», Қостанай қаласының № 1, 2, 3, 4 емханалары, «Қостанай облыстық аурухана», «Қостанай облыстық балалар ауруханасы», «Қостанай облыстық онкологиялық диспансер».


Арнайы пәндерден сабақ беруге денсаулық сақтау мекемелерінің жоғары білікті мамандары жұмылдырылады. Өзінің тәжірибелерімен келесі дәрігерлер бөліседі Бекмагамбетова А.А., Джантурина А.Г., Дулина Н.А., Жанбыршина А.С., Кондратенко А.А., Моисеев Ю.С., Сохарев Е.Ю., Шапко И.П., Штейгервальд И.А.

Түлектердің табысты жұмысқа орналасуына әсер етеді:
- Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу қызметін ұйымдастыру
- Медициналық ұйымдарда ашық есіктер Күнін өткізу арқылы Қостанай қ. мен Қостанай облысының медициналық ұйымдарының жетекшілерімен, денсаулық сақтау Департаментінің мамандарымен тығыз ынтымақтастық
- «Вакансия жәрмеңкесін» ұйымдастыру
- Медициналық массаж негіздері бойынша студенттердің қосымша білім алуы
- Мамандық бойынша кәсіби шеберлік конкурсын өткізу
- «Қалың қалай түлек?» акциясын өткізу арқылы түлектермен жүйелі түрде байланыста болу

 

3 жылда түлектердің жұмысқа орналасуы.

3 жылдағы жұмысқа орналасу анализінен түлектердің 90% жұмысқа орналасқанын көруге болады, түлектердің жалпы санынан 4% ЖОО-на түседі. Соның ішінде қалада 70% және ауылдық аймақта 30% жұмысқа орналасады.
















Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ