«Мейіргер ісі» біліктілігі «Қолданбалы бакалавр»



 
«Қолданбалы бакалавр»
Қостанай жоғары медициналық колледж»

«Мейіргер ісі»
біліктілігі «Қолданбалы бакалавр»

 
Барабан Анастасия Александровна – "Қолданбалы бакалавриат"
біліктілігімен "Мейіргер ісі" мамандығы бөлімінің меңгерушісінің м.а.

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ДСӘДМ мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің әріптестерімен бірлесе отырып ҚР-дағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдірудің 2016-2019 жылдарға арналған жол картасын жасады.. 2014 жылы ҚР-ның денсаулық сақтау Министрлігі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыруды 6 мемлекеттік медициналық колледждер базасында эксперимент режимінде бастаған болатын.

2018 жылдан бастап Финляндия қолданбалы ғылым Университетінің сарапшыларымен бірлесіп әзірленген, жоғары кәсіби клиникалық бағытталған медициналық мамандарды дайындауға арналған «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы енгізілді. Мейірбике практикасын үздіксіз жетілдіру және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мейірбике мамандығын алуды, сонымен қатар қазіргі уақытта жұмыс істейтін мейірбикелердің үздіксіз біліктілігін арттыруды қалайтындардың оқыту сапасын тиісті арттыруды талап етеді.

2018 жылдың тамыз айында практикадағы мейірбикелерге арналған «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың жылдамдатылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға талапкерлерді қабылдап, іріктеу жүргізілді.

Жұмыс өтілімдері үш жылдан кем емес 50 мейірбике оқуға қабылданды. Студенттердің арасында бас мейірбикелер, аға мейірбикелер, пост мейірбикелері, емшара кабинетінің және т.б. мейірбикелер бар. Аталған бағдарлама Еуропалық директивке сәйкес әзірленген және студенттер 50% уақытын клиникалық жағдайдарда өткізеді.

Оқыту мерзімі 1 жыл 6 ай, жалпы еңбек сыйымдылығының көлемі 2 700 сағат (60 kz кредит) соның ішінде клиникалық практика сағаты 1080 сағатты құрайды (24 kz кредит). Оқыту мерзімі 3,5 жылдан кем емес, жалпы еңбек сыйымдылығының көлемі 6 300 сағат (140 kz кредит) соның ішінде клиникалық практика сағатының көлемі 3072 сағатты құрайды (68 kz кредит). Оқу аяқталғаннан кейін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі.

Аталған оқытудың негізгі мақсаты — бұл оқыту кезеңінде алған білімдерін практикалық қызметінде тиімді және белсенді пайдалана алатын, сын тұрығысынан және аналитикалық ойлауға, ресурстарды тиімді басқара алатын және емделушілінің қауіпсіздігінің принциптеріне сәйкес жұмыс істеуге қабілетті, жаңа форматтағы практикаға бағытталған мейірбике ісінің мамандарын дайындау.

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының оқыту ережесіне сәйкес білім беру бағдарламасының әрбір модулі бойынша тәжірибелі оқытушылардың қатарынан тьюторлар дайындалды. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде жұмыс тобы құрылды.

Студенттердің клиникалық практикасын жүзеге асыру саласындағы жаңа және маңызды бағыттардың бірі менторлық болып табылады (тәлімгерлік).

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін медициналық ұйымдардың көп практикалық жұмыс тәжірибесі бар мейірбикелердің қатарынан менторлар тағайындалды.

Практикалық сабақтарды, клиникалық және диплом алдындағы практиканы өткізу үшін клиникалық базамен, медициналық колледж бен студент арасында үш тарапты келісім шарт жасалынды. Оқу барысында студенттер клиникалық базаларда білікті дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің басшылығымен жалпы оқу сағатының көлемінен 60–70% кем емес көлемінде өндірістік практикадан өтетін болады. Клиникалық практика - бұл студентке білім беру барысында алған білімі мен біліктілігіне сүйене отырып, команданың құрамында және дені сау немесе ауруға шалдыққан адамға тікелей қол жеткізе алатын адам ретінде қажетті мейіргерлік күтімді орындауға, бағалауға және ұйымдастыруға үйрететін білім беру кезеңі. Клиникалық практикада студент команда құрамында жұмыс жасауға ғана үйреніп қоймайды, сонымен қатар белгілі бір емдеу мекемесі аумағында команданы басқаруға, мейіргерлік күтімді ұйымдастыруға (жеке адамдарға және шағын топтарға арналған санитарлық - ағарту жұмыстарын қоса алғанда) үйренеді. Мейірбике ісінің заманауи даму үрдісі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде мейіргерлердің маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Мейіргерлер атқаратын міндеттердің әртүрлілігі денсаулыққа әсер ететін факторларды, аурудың себептерін түсінуді, оларды емдеу және оңалту шараларын білуді, сонымен қатар медициналық көмек пен денсаулық сақтау жүйесі арқылы жүзеге асырылатын экологиялық, әлеуметтік және басқа да жағдайларды білуді талап етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мейіргерлерді халықтың қолжетімді медициналық көмекке деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың нақты әлеуеті ретінде қарастырады.

 Правила приёма - Прикладной бакалавриат сестринское дело на 2019-2020 учебный год рус


«Қолданбалы бакалавр біліктілігімен Мейіргер ісі»
мамандығы бойынша оқу білім беру бағдарламасы

Қолданбалы бакалавриат  – «қолданбалы бакалавр» біліктілігін беру арқылы кадрларды дайындауға бағытталған білім беру бағдарламасымен орта білімнен кейінгі білім;

Қолданбалы бакалавр  – орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін біліктілік.

2018 жылдың сәуір айында мейіргер ісінің қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуға колледждің дайындығын растайтын «талаптарға толық сәйкес келуі» тәуелсіз бағасын алды. Аталған баға оқу орнының бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші болып табылады. Колледж жоғары медициналық колледжі беделін алды (2018 жылдың 29.06-нан № 307 қаулысы). 2018-2019 оқу жылында 1 жыл 6 ай оқыту мерзімі бойынша 0302054 "Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры" біліктілігімен 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша алғашқы 50 адам көлемінде қабылдау жүргізілді.

2018 жылы Колледждің даму Конпециясының мақсаттарын мерзімен бұрын орындалуына сәйкес, қайта құру жолы арқылы қайта ұйымдастырумен және Колледждің «Қостанай жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны беделіне өзгеруіне байланысты 2018 жылдың 30 қарашасында педагогикалық кеңес отырысында бекітілген (№3 хаттама) даму стратегиясының заманауи редакциясы әзірленді. Колледждің даму стратегиясы көп бейінді медициналық ұйымдарда жұмыс істеуге бағытталған, нарықтық қарым-қатынас жағдайларында қызмет ете алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған.

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың орта білімнен кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты білім алушылардың келесі құзыреттіліктерді меңгеруін қарастырады:

БАЗАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕР
БҚ-1 ОҚЫТУ
БҚ-2 КӘСІБИЛІК
БҚ-3 КОММУНИКАЦИЯ
БҚ-4 ИННОВАЦИЯ

2018-2019 оқу жылындағы
0302054 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен 0302000 «Мейіргер ісі»
мамандығының оқытушылар тізімі

2018-2019 оқу жылы «Мейіргер ісі» мамандығы
«Қолданбалы бакалавр» біліктілігі

 



«Заманға сай білім технологиялары мемлекеттік білім беру стандарттарды табысты орындаудың шарты ретінде» техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының облыстық семинары

2019 жылдың 17 сәуірінде Қостанай жоғары медициналық колледжі базасында «Заманға сай білім технологиялары мемлекеттік білім беру стандарттарды табысты орындаудың шарты ретінде» техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының облыстық семинары өтті.

 


 
 






















Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ