«Щербаков» трассалық пунктеріне бару туралы


«Щербаков» трассалық пунктеріне бару туралы

2016 жылдың 10 қарашасында «Шұғыл жедел көмек көрсетудегі трассалық пунктердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстың аясында 301 «Емдеу ісі» тобының 6 студенті СҒЗЖ жетекшісі С.П.Бузинаның жетекшілігімен «Щербаков» трассалық пунктіне барған болатын. Трассалық медициналық-құтқару пунктері Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының апаттық қауіпті жерлерінде жол-көлік апаты болған кезде қаза тапқандардың санын азайту үшін және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету мақсатында құрылған.

Біздің сапарымыздың мақсаты «Щербаков» ТМҚП жұмысымен танысу болатын. Бізбен бірге Қостанай облысы бойынша Апат медицинасы Орталығы филиалының дәрігері, жетекшісі А.И.Кравченко барып, трассалық пунктің жұмысы туралы айтып отырды: «Жолдағы апаттық жағдайларда трассалық пунктке көмек сұрап келген амбулаториялық науқастарға көмек көрсетіледі. Жұмысты 5 қызметкер 15 тәулік ішінде кезекпен істеп отырады.» Бізге заманауи реанимобильді көрсетті «Хундай, медициналық жабдық, бір реттік заразсыздандырылған пакет, шұғыл көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер». Құтқарушылар апаттық-құтқару жұмыстары кезіндегі пунктің техникалық жабдықталуын көрсетті.

Кезекші фельдшерлер Кудряшов Демид, Махамбетов Сарсен, Шевченко Роман - бәздің түлектер, өздерінің жұмыстары мен күнделікті өмірлері жайлы айтып берді. Жұмыс өте жауапты, тез әрекет жасап, шұғыл көмек көрсету дағдыларын білу қажет. Студенттерге аппаратуралармен және құралдармен қалай жұмыс істеу керек екендігін көрсетті. Филиалмен болашақта ынтымақастық орнату мақсатында ЦӘК зерттеу тобының мүшелері үшін шұғыл көмек көрсету бойынша филиалдың қызметкерлерінің мастер-класс өткізуін жоспарлауда.

СҒЗЖ жетекшісі Бузина С.П.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ