Республикалық қашықтық «Дәріханалық сұрыптаманың дәрілік заттарын және тауарларын сату» ғылыми-прак



Республикалық қашықтық «Дәріханалық сұрыптаманың дәрілік 
заттарын және тауарларын сату» ғылыми-практикалық конференция

26.12.2018 ж. Көкшетау жоғары медициналық колледжінің базасында «Фармация» мамандығы бойынша ҚР-ның медициналық колледждері арасындағы ОӘБ жоспарына сәйкес Республикалық қашықтық «Дәріханалық сұрыптаманың дәрілік заттарын және тауарларын сату» ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталған конференция фармация саласында студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметтерін ынталандыру мақсатында өткізілді. Конференцияға Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінің «Фармация» мамандығының 2,3 курс студенттері қатысты. Конференцияға барлығы 20 зерттеу жұмысы ұсынылған, соның бірі «Косметические средства, содержащие эфирные масла, как парафармацевтическая продукция» /жет. Тихонова Т.А., Шулейко С.В./ тақырыбындағы Қостанай жоғары медициналық колледжінің 3 курс студенттері Шум Анастасияның және Роот Викторияның ғылыми-зерттеу жұмысы болды.

Конференцияның сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша Виктория мен Анастасияға 1 орын берді.

Колледж әкімшілігі және педагогикалық ұжым «Фармация» мамандығының 3 курс студенттері Шум А., Роот В. және олардың ғылыми жетекшілері Тихонованы Т.А., Шулейконы С.В. конференциядағы жеңістерімен құттықтайды және СҒЗЖ саласында табыс тілейді!









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ