Республикалық конференция.

 «Лабораториялық диагностика» мамандығының студенттерінің ғылыми-зерттеу
қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағымедициналық
колледждердің «Лабораториялық диагностика»мамандығыстуденттері
арасындағы Республикалық сырттай ғылыми-тәжірибелік конференция

2015 жылдың 21 желтоқсанында «Лабораториялық диагностика» мамандығының студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы медициналық колледждердің «Лабораториялық диагностика» мамандығы студенттері арасындағы Республикалық сырттай ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  Конференцияға барлығы 18 ғылыми-зерттеу жұмысы келіп түсті. «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК студенттері ұсынған екі жұмыс байқауға қатысқан жоқ, бірақ конференция материалдарының жинағында жарияланды.

Қатысушылардың жұмыстарын құрамында арнайы пәндердің оқытушылары болған әділ-қазылар бағалаған болатын Жарматова А.А., Стокоз О.С., Досжанова Ж.Е., Иставлетова А.С., Шулейко С.В., Манукян А.Р.; ғылыми-зерттеу жұмыс жөніндегі әдіскер Коновалова В.В.

Ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі белгілер бойынша бағаланды: жаңашылдық пен жұмыстың өзектілігі; жұмыстың тұтастығы (мазмұны мен тақырыптың сай келуі), ұсынылған материалдың логикасы; теориялық бөлімдердің пысықталғаны, теориялық маңыздылығы; тәжірибелік бөлімдердің пысықталғаны, тәжірибелік маңызы; жұмыстың талаптарға сәйкес келуі.

Әділ-қазылар мүшелерінің шешімімен бірінші дәрежелідипломмен ШЖҚ-дағы «Талдықорған медициналық колледжі» МКК «Профилактика внутрибольничных инфекций», авт. Искакова А. жұмысы марапатталды.

Екінші дәрежелі дипломмен марапатталған жұмыстар:
-«Менингококктың анықтау әдістері», авт. Қойшыбаева Жеңісгүл. БҚО әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасының «Батыс Қазақстан медициналық колледжі» МКҚК
-«Темір жетіспеушілік анемия кезіндегі қан талдауының нәтижелері»,авт. Ташен Акбота. «Түркістан медициналық колледжі»МКҚК

Үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
-«Оценка санитарно-микробиологического состояния учебных помещений колледжа», авт. Ш. Нурахметова. РГКП «Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді дайындау және қайта даярлау жөніндегі Республикалық колледж» РМКК
-«Обучение во власти интеллекта», авт. Габдушева Арайгүл. БҚО әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасының «Батыс Қазақстан медициналық колледжі» МКҚК.

Конференцияның қалған қатысушылары электрондық түрде сертификаттарға ие болы.
Әділ-қазылар ұсынылған жұмыстардың талаптарға сәйкес келетіндігін және ғылыми-зерттеу маңыздылығын атап өтті.
Конференцияның дипломдары, сертификаттары және материалдар жинағы оқу орындарының электрондық мекен-жайларына 2015 жылдың 25 желтоқсанынан кеш емес жіберілетін болады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ