Халықаралық серіктестік


Кәсіби ынтымақтастық аясын кеңейту мақсатында, ғылыми, білім беру және мәдени байланыстарды дамыту мақсатында, түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қостанай медициналық колледжі шетелдік білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен белсенді ынтымақтастық жасайды.

Колледж Ресей Федерациясының медициналық колледждерімен орта медициналық және фармацевтикалық мамандарды дайындау жөніндегі екі жақты Келісім-шарт жасалынған болатын:

ГБОУ ВПО
«Южно-Уральский гос.
медицинский университет
МЗ РФ»

ГБОУ СПО
«Самарский медицинский
колледж им.Н.Ляпиной»


ГБОУ СПО
«Шадринский медицинский
колледж», г.Шадринск, РФ
 



ГБОУ СПО
«Курганский базовый
медицинский колледж»




ГБОУ СПО
«Башкирский медицинский
колледж», г.Уфа




ГБОУ ВПО
«Омская государственная
медицинская академия»
МЗ РФ колледж
 

"В.Солдатов атын. Тобольск 
медициналық колледжі" МАКБМ 
РФ

"Свердловск облыстық медициналық 
колледж" МКБОМ РФ

Ынтымақтастық туралы келісім-шарт шеңберінде Қостанай медициналық колледжінің студенттері мен оқытушылары халықаралық қатысумен келесі семинарлар мен конференцияларға қатысты.

Халықаралық өзара студенттермен алмасу бағдарламасының тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Қостанай медициналық колледжінің «Медбикелік іс» мамандығының студенттері Челчбі облыстық балалар емханалық ауруханасы базасында «Педиатриядағы медбикелік іс» бөлімі бойынша диплом алдындағы өндірістік тәжірибеден өтті.

2013 жылдың мамыр айында Қостанайда Оңтүстік-Урал мемлекеттік медициналық университетінің «Акушерлік іс» мамандығы түлектерінің және Қостанай медициналық колледжінің «Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы түлектерінің диплом алдындағы өндірістік тәжірибелері «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК базасында өткізілген болатын.

Арнайы орта білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық білім беру үрдісін дамытудағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Аталған бағыт бойынша Қостанай медициналық колледжі өзінің қызметін кеңейтуде.

2014 жылдың 13-14 наурызында Омск қаласындағы Ресей Федерациясының денсаулық сақтау Министрлігінің «Омск мемлекеттік медициналық академия»жоғары кәсіби білімнің Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің базасында «Өз денсаулығыңды сақта. Кәсіби бол» Бүкіл Ресейлік студенттік зияткерлік-сауықтыру Форумы өткізілді.

Форумда ҚМК директоры Катпенова С.А., әдіскер Гаджиева К.С., КЛЗТоқытушы Тайкешева З.Х. және «Фармация» мамандығының 2 курс студенті Малышева Анастасия.

Аталған Форум шеңберінде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Якутск, Курган, Омск, Павлодар және Қостанай қаласынан студенттер қатысқандығын атап кету қажет. Қостанай медициналық колледжінің 2 курс студенті Малышева Анастасия (ғылыми жетекшілері Шулейко С.В. және Тихонова Т.А.) «С дәрумені денсаулықты сақтайтын фактор ретінде» баяндамасымен үшінші орынға ие болды.

Омск медициналық колледжі мен Қостанай медициналық колледжі арасында білім, ғылым және мәдениет саласында өзара тиімді ынтымақтастықты орнату мақсатында бірнеше іскерлік кездесулер өткізілген болатын. Қостанай медициналық колледжінің директоры Катпенова Сауле Атантаевна колледж директоры Турица Анна Анатольевнамен және әкімшілігімен, сонымен қатар Омск мемлекеттік медициналық академиясының алғашқы проректорымен, м.ғ.д., профессор Охлопков Виталий Александровичпен кездесті. Аталған кездесудің соңында оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Курган облысының Вице-губернаторының ҚМК-на келуі


2014 жылдың 14 ақпанында Қостанай медициналық колледжіне жұмыс бабымен Курган облысының Вице-губернаторы - Владимир Романов келді.
Курган облысының медициналық және білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болғандықтан Вице-губернатор Қостанай медициналық колледжін кездейсоқ таңдаған жоқ.

2012 жылы ҚМК ОКБ «Шадринск медициналық колледжі» МБОМ-мен және ОКБ Курган медициналық колледжі МБОМ -мен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасады.
Курган облысының Вице-губернаторына колледждің материалдық-техникалық база көрмесі, ҚМК оқытушылары әзірлеген оқу-әдістемелік әдебиеттер және спорттық жетістіктер көрсетіліп, ұсынылды.

Соңында ҚМК оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.


2014-2016 жж. халықаралық ынтымақтастық
шегіндегі іс-шаралар.


Қазақстандық-Ресей семинары
«21 ғасырдың медициналық білімі: Орта медициналық қызметкерлерді даярлағанда инновациондық педагогикалық технологиялары (ақпан, 2016 ж.)



2016 жылдың 28 наурызынан 3 сәуіріне дейін Қостанай медициналық колледжінің оқытушылары
Шестакова Е.Ю. және Романюк И.Е. Уфа медициналық колледжде біліктілігін арттыру курстарын өтті.





«Горячий снег 2015» конкурсы









 
Студенттік және педагогтық бастамалардың халықаралық Форумы,
Қорған қ. РФ (сәуір, 2016 ж.)



 
«Адреналин» командасы, Фитнес-аэробика конкурсының жеңімпазы





Рыжакова В., «Медбикелік ісі» 302 тобы, «Золотые руки» кәсіби шеберліктің Халықаралық конкурсының жеңімпазы
Сатбаева С., «Медбикелік ісі» 302 тобы, оқу-зерттеу жұмыстардың Халықаралық конкурсының жеңімпазы



Чемпионат профессионального мастерства
«Территория неотложной помощи»
халықаралық конкурсы Ресей Федерациясының
Омбы қаласы (сәуір, 2016 ж.)











 
 
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған
медициналық колледждердің студенттері арасында жүргізілген
«Лучший фармацевт-2016»
кәсіби шеберліктің Халықаралық конкурсы
(ақпан, 2016 ж.)








2017 жылдың сәуір айында Қостанай медициналық колледжі мен Оңтүстік-Урал мемлекеттік медициналық университетінің 10 студенті өзара ресей-қазақстандық академиялық алмасуға қатысқан болатын.

Қостанайда 24 сәуірден 28 сәуірге дейін Оңтүстік - Урал мемлекеттік медициналық университетінің «Фармация» мамандығы бойынша бес түлектің диплом алдындағы өндірістік практикасы өтті. Соколова Оксана, Чухарев Сергей, Шумова Кристина, Юрганова Юлия, Ямщикова Людмила «Цветная» ЖШС дәріханалар желісі базасында практикадан өтті.

Жұмыс апта барысында түлектер фармацевтикалық бөлшектік нарық қызметін ұйымдастырумен, дәрілерді шығару және рецепттерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру ережелерімен, негізгі заттарды тіркеу негіздерімен, тауар-материалдық құндылықтар қозғалысымен, фармацевтикалық маркетинг пен мерчандайзинг негіздерімен, сонымен қатар көтерме-бөлшектеп жүзеге асыру, сатып алу техникасымен, дәрілік заттарды жарнамалаумен танысты.

Практикалық дағдыларды өңдеуден басқа, ресейлік қонақтар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау Ұлттық орталығында экскурсияда болып қайтты. Студенттердің мемлекеттік тіркеу арқылы сапасы мен қауіпсіздікті жүзеге асыратын ДШ, ММБ физико-химиялық, микробиологиялық және токсикологиялық сараптаудан өткізуге арналған заманауи жабдықты көруге мүмкіндіктері болды.

«Академиялық мобильділік» жобасының қорытынды кезеңі дөңгелек үстел болды. Онда Қостанай медициналық колледжінің әкімшілігі, студенттер тобының әдістемелік жетекшісі Баскакова Татьяна Ивановна және студенттер қатысты. Талқылау барысында практиканың қорытындысы жасалып, өз ойларымен бөлісіп, Челябіден келген қонақтар Қостанай медициналық колледжінің кабинеттері мен зертханаларының жабдықталу деңгейінің өте жақсы екендігін атап өтті және «Фармация» мамандығының практика базалары ұнағандықтарын айтты.






















«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ