«Жас зерттеуші» Республикалық зерттеу жұмыстарының дистанциондық байқауының қорытындылары.



 «Жас зерттеуші» Республикалық зерттеу жұмыстарының
дистанциондық байқауының қорытындылары

2015 жылдың қарашасында «Жас зерттеуші» Республикалық зерттеу жұмыстарының дистанциондық байқауы өткен болатын.

Байқау білім сапасын арттыру және білім алушылардың жобалық және зерттеу қызметі арқылы оқыту тиімділігін арттыру, білім алушылардың зерттеу қызметіне мотивациясын дамыту мақсатында өткізілді.

Байқауға әртүрлі жастағы топтардың білім алушылары қатысты.

Байқауға «Я познаю мир», «Шаг в науку», «Научный потенциал страны» номинациялары бойынша барлығы330 жұмыс келіп түсті.

Ұсынылған жұмыстар келесі шарттар бойынша 10 балдық жүйемен бағаланды: байқаудың тақырыбына, мақсатын мен міндетіне сәйкес келу; тақырыпты тиянақтай білу, оның өзектілігі; зерттелген жұмыстың кеңдігі және тереңдігі (жұмыста ғылыми фактілерді, аталған мәселемен жұмыс жасаған зерттеушілер мен ғалымдардың тәжірибелерін қолдануы); жұмыс жоспарын құрастыру (мазмұны), тақырыптың толық ашылуы; өзіндік баға беру және талқылау; нақтыланған қорытындылардың болуы; материалды түсіндіру тілі, стилі( лексика және грамматика).  

Ересек топта Байкадамова Мадина және Шмакова Марина «Шаг в науку» номинациясы бойынша  «Влияние ультрафиолетовых лучей на здоровье человека» зерттеу жұмысымен 3 орынға иеленді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ