«Жас ғалым - 2017»


«Жас ғалым - 2017»

Екінші жыл қатарынан «Колледж КИнЭУ» ЖК Қостанай облысы мен қаласының ТжКО колледж студенттерін шақырумен ғылыми-практикалық конференциясын өткізіп отыр. Біздің оқытушылар мен студенттер аталған ғылыми іс-шараның белсенді қатысушылары болып табылады.

2017 жылдың 3 наурызында Қостанай медициналық колледжінің төрт студенті өз ғылыми жобаларын ұсынған болатын.

Жалпы кәсіби пәндер және арнайы пәндер оқытушылары Рябуха Елена Викторовна және Романюк Инна Евгеньевна «Естественные науки» және «Технология производства» секцияларына әділ-қазылар ретінде шақырылған болатын.

Студенттер Кондрина Н., Ахметова С. ( 103 «Емдеу ісі» тобы) және Хазеева М. (201 «Фармация» тобы) «Филология» секция жұмысында ағылшын және қазақ тілінде қатысып, 104 «Мейіргер ісі» тобының студенті Гребенюк А. – «Общественные дисциплины» секциясына қатысқан болатын. «Филология» секциясына 30 қатысушы, «Общественных науках» - 17 қатысушы болды.

Әділ-қазылардың шешімі бойынша әрбір секцияға үш жүлделі орын және үш номинация тағайындалды. Біздің барлық қатысушылар номинациямен марапатталды, Гребенюк А., Хазеева М. –«Исследовательский подход» номинациясында мақтау қағазға ие болды, Ахметова С., Кондрина Н. –«Прикладное значение» номинациясында марапатталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ