"Ғылым күні-2016"


"Ғылым күні-2016"

4 сәуірде Қостанай медициналық колледжінде «Ғылым күні-2016» шеңберінде «Клиницист», «Жалпы кәсіптік, лабораториялық және фармацевтикалық пәндер», «Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер» секцияларының отырысы өтті. Іс-шараға 1-3 курстардан барлығы 30 студент қатысты.


Барлық жұмыстар келесі белгілер бойынша бағаланды:
- Жаңашылдық және өзектілік
- Жұмыстың тұтастылығы
- Мақсаты және ұсынылған материалдың логикасы
- Теориялық материалдың пысықталуы
- Тәжірибелік материалдың пысықталуы
- Жұмыстың талаптарға сәйкес ресімделуі
- Баяндамашының сөйлеу шеберлігі
- Ұсынылған көрнекілік ақпараттың сапасы

Келесі жұмыстар жеңімпаздар болып анықталды:

«Клиницист» секциясы:
- 1 орын - «Инкурабелді науқастарда ойылудың алдын алудағы күтім көрсетудің маңызы» Варченко Е., Деренько М. 203 МІ
Ғылыми жетекшісі: Нурушева Д.Т.;
- 2 орын - «Артериялық гипертензия ауруларын анықтау бойынша скринингтік зерттеудің статистикалық мәліметтерінің талдауы» Валеева Д., Горчакова Ю. 202 МІ
Ғылыми жетекшісі: Уразбекова Д.М.
- 3 орын - «Ішкі аурулардың диагностикасындағы ЭКГ көрсеткіштері» Бертаева А., 302 ЕІ
Ғылыми жетекшісі: Брынская Л.А.

«Жалпы кәсіптік, лабораториялық және фармацевтикалық пәндер» секциясы:
- 1 орын «Жиналған өсімдіктерді әзірлеу және фитохимиялық талдауы». Барышникова А. 301 «Фармация»
Ғылыми жетекшілері: Тихонова Т.А., Шулейко С.В.

«Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер» секциясы:
- 1 орын - «ҰОС жылдарындағы сынаушы ұшқыш, Кеңес Одағының қаһарманы Л.Н. Макеров ұрпақтарының сабақтастығы» Садыкова Д. 101 «Фармация»
Ғылыми жетекшісі: Кульмухамбетова Г.Б.;
- 2 орын – «Ғаламтордағы ағылшын аббревиатуралары» Плешаков А. 201 «Стоматология»
Ғылыми жетекшісі: Коновалова В.В.
- 3 орын: «Болашақ медициналық қызметкерлерде өзін-өзі тану қабілетін дамыту». Гаан И., Башкова М. 102 ЕІ
Ғылыми жетекшісі: Сулейменова Б.К.

Сонымен қатар секцияларда 2015 жылдың қыркүйек айында басталған екі жылдық жобалар ұсынылды. Олар атқарылған жұмыстардың есебі ретінде тыңдалды.











«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ