«Лабораториялық диагностика» мамандығының үздік түлегі»

«Лабораториялық диагностика» мамандығының үздік түлегі»

ОмММУ Омбы медициналық колледждің 90-жылдығын тойлау аясында халықаралық қатысумен «Лабораториялық диагностика» мамандығының үздік түлегі кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Өздерінің білімдері мен дағдыларын «Лабораториялық диагностика» мамандығының бітіруші топтың студенттері көрсетті. Байқау 4 кезеңнен тұрды:
I Кезең - «Лаборант – теоретик» сырттай байқау. Зертханалық жалпы клиникалық, гематологиялық, биохимиялық, микробиологиялық, гистологиялық, иммунологиялық, санитарлық-гигиеналық зерттеулерді өткізу барысында зерттеудің қазіргі заманғы әдістері бар 100 тест тапсырмасын онлайн орындау.
II Кезең – «Профессия – моя жизнь» шығармашылық презентацияларының іштей байқауы. Қатысушылар мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы өздері туралы, өмірлік көзқарастары, кәсіби құндылықтары, білім алатын ордасы жайында ақпараттарды ұсынады.
III Кезең – «От проблемы - к решению» жағдаяттық тапсырмалардың іштей байқауы.
IV Кезең – «Лаборант - практик» - тәжірибелік дағдылар деңгейін бағалау байқауы.

Қатысушылар әртүрлі жақтан келген. Үздік лаборант атану үшін Ресей мен Қазақстанның қалаларынан келген: Пенза, Ханты-Мансийск, Барнаул, Красноярск, Уфа, Тольятти, Казань, Қостанай, Көкшетау және т.б.

«Лабораториялық диагностика» мамандығының 3 курс студенті Овцынова Анна Павловна «Лабораториялық диагностика» мамандығының үздік түлегі» халықаралық қатысуымен өткен кәсіптік шеберліктің байқауында екінші орынға ие болды.

Гребенщикова Анастасия Валерьевна «Лаборант-теоретик» бірінші кезеңінде үшінші орынға ие болды, ал Горбоносова Надежда Александровна кәсіптік шеберлік байқауының қатысушысы сертификатымен марапатталды.

Кәсіптік шеберліктің конкурсына қатысушыларды дайындағаны үшін арнайы пәндерінің оқытушылары Жарматова Айнагуль Алтынбаевна, Досжанова Жанылсын Еркитаевна, Стокоз Оксана Сергеевна, Иставлетова Алтынкуль Сардарбековна сертификаттармен марапатталды.









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ