Жіті респираторлық вирустық инфекциялардың, тымаудың және пневмококктық инфекцияның алдын алу бойынша айлық
Басты -> Жаңалықтар -> Жіті респираторлық вирустық инфекциялардың, тымаудың және пневмококктық инфекцияның алдын алу бойынша айлық
Жіті респираторлық вирустық инфекциялардың, тымаудың
және пневмококктық инфекцияның алдын алу бойынша айлық
2017 жылдың 11 қазанында жіті респираторлық вирустық инфекцияның, тымаудың және пневмококктық инфекцияның алдын алу бойынша айлық аясында Қостанай медициналық колледжінің студенттері орталықтың тұрғындарына ақпараттық-білім беру материалдарын үлестірген болатын. Студенттер келесі қарапайым ережелерді айтып өтті: науқас адамдармен қатынас жасамау, науқас адаммен сөйлесу барысында маска кию, инфекцияның жайылуын болдырмау үшін қолдарды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен (құрамында спирт бар ерітінділермен) жуу, бір реттік ормалады пайдалану арқылы түшкіру және жөтелу барысында ауызды жабу, көп адамдар жиналатын жерлерге бармау (іс-шаралар, жиналыстар, кездесулер), бөлмені әлсін-әлсін желдету, көздерді, мұрынды, ауызды лас қолдармен ұстамау, салауатты өмір салтын ұстану, толыққанды ұйықтау, таза ауада серуендеу, белсенді демалыс, организм кез-келген инфекцияға қарсы тұралатын дәрумендерге бай тамақты пайдалану.
Спецификалық емес алдын алу ретінде бөлмелерде кез-келген зарарсыздандыратын құралды пайдаланумен ылғалды тазалау жүргізіледі. Ауаны зарарсыздандыру үшін ультракүлгін сәулелендіру, аэрозольді дезинфекторлар және ауаны тазартқыштар пайдаланалады.
В несчастьях мы обретаем силу,
благодаря болезням узнаем
Цену здоровья, сталкиваясь со злом
Начинаем ценить добро,
Благодаря нагрузкам познаем истинную
Ценность отдыха.