ҚОӘДСБ "Қостанай жоғары медициналық колледжі" КМК әр айдың екінші онкүндігінде 2019 жылдың талапткерлері үшін сынамалы онлайн тестілуі жүргізеді (айдың 10 жұлдызынан 20 дейін, тәулік бойы).

«Как живешь выпускник?» акциясы


«Как живешь выпускник?» акциясы

2017 жылдың 18, 19 қазанында «Как живешь выпускник?» акциясының аясында №3 «Лабораториялық диагностика», «Стоматология», «Фармация» мамандықтарының бөлім меңгерушісі Стокоз Оксана Сергеевна Қостанай қаласының медициналық мекемелеріне барып қайтты - «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК, «Лабораториялық диагностика» мамандығының 8 түлегі жұмыс істейді, «Коктем-3» ЖШС - «Лабораториялық диагностика» мамандығының 1 түлегі, «Стомед групп» ЖШС- «Стоматология» мамандығының 5 түлегі. Түлектердің кәсіби қалыптасуы мен материалдық және тұрғын-үй жағдайларын білу үшін жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар түлектер туралы жұмыс берушілерден пікірлер, тілектері мен ойлары жиналды.

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-нің санитарлық-гигиеналық, бактериологиялық зертхана мен аса-қауіпті жұқпалардың зертханасының дәрігерлері барлық түлектерді атап Мухамедрахимова Айдананы, Қайрғали Нурболды, Волошенко Каринаны, Жолчубекова Айсулуды,Смирнова Евгенияны, Касенова Гульнарды, Жакупова Айнурды, бірінші жұмыс күнінен бастап өздерін тәртіпті, жауапты және сауатты маман ретінде көрсеткендерін айтып кетті.

«Стоматология» мамандығының түлектеріне де алғыс сөздері айтылды. Панасевич Павел және Жмайло Константин, тіс технигі қызметінде жұмыс істеп, Ткачук Анжелика, Манжос Лилия және Саношкина Анастасия стоматолог көмекшісі ретінде қызмет атқарады.

Түлектердің толтырған сауалнамаларына сәйкес, барлық түлектер мамандықтары бойынша жұмыс істеуде, жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрқашан тәлімгерлері мен үлкен әріптестерінен кәсіби көмек пен қолдау алады.

«Лабораториялық диагностика» мамандығының түлектері:
Смирнова Евгения, Касенова Гульнара, Мухамедрахимова Айдана, Волошенко Карина, Жолчубекова Айсулу, Қайрғали Нурбол, Жакупова Айнура, Бердникович Евгения, Кубланова Айнура.

«Стоматология» мамандығының түлектері:
«Стоматология» Жмайло Константин, Ткачук Анжелика, Манжос Лилия.












Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ