«Лабораториялық диагностика» мамандығының презентациясы
Басты -> Жаңалықтар -> «Лабораториялық диагностика» мамандығының презентациясы
«Лабораториялық диагностика» мамандығының презентациясы
26 қазанда 1, 2 ,3 курс студенттері қатысқан №3 бөлімнің «Лабораториялық диагностика» мамандығының презентациясы өткізілді.
№3 бөлім меңгерушісі бірінші курс студенттеріне сәттілік тілеп, таңдаған мамандықтарының маңызды екендігін айтып кетті.
«Лабораториялық диагностика» мамандығының презентациясында жүргізушілер мамандықтың даму тарихына тоқталып, экрандағы слайдтарда зертханашының міндеттері, жұмысқа деген талаптар және мамандықтың негізгі бағыттары көрсетілді. Бірінші курс студенттері флеш-моб көрсетіп, 2 курс студенттері би билеп, 3 курс студенттері күлкілі көрініс көрсетті. Іс-шараның соңында « Старший лаборант» әні айтылды. Презентация аяқталған соң «Лабораториялық диагностика» мамандығының бірінші курс студенттеріне мамандықтарына байланысты сыйлықтар ұсынылды.
СКАЧАТЬ Презентация специальности - "Лабораторная диагностика" 26_10_2017 (76 фото)