«Мы против ВИЧ/СПИДа» акциясы
Басты -> Жаңалықтар -> «Мы против ВИЧ/СПИДа» акциясы
«Мы против ВИЧ/СПИДа» акциясы
15.11.17 Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің аясында колледж еріктілері «Қостанай облыстық ЖИТС-пен күресу және алдын алу» ММ бірлесіп «Мы против ВИЧ/СПИДа» флешмобын өткізді.
Көбінесе иммунотапшылық вирусын ЖИТС түсінігімен шатастырады. Негізінде бұл дұрыс емес, егер адам АИТВ жұқтырса ол ЖИТС-пен аурады деген сөз емес. Оның түсінігі айтарлықтай кең.
ЖИТС деген не деген сұраққа ол иммунотапшылық вирусының соңғы кезеңі деп қысқаша жауап беруге болады. Ол адам ағзасында байқалуы үшін 10-12 жыл өтуі тиіс. Аталған вирус адамның иммунитетін бұзып, әртүрлі инфекцияларға қарсы тұруына әлсіз етеді. Нақты уақыт өткеннен кейін науқасқа басқа да жұқпалы аурулар қауіпті болып табылады.
«ЖИТС» термині 3 ұғымды түсіндіреді:
1. Жұқтырылған – яғни бұл ауру тұқымқуалайтын ауру емес, өмір бойына дамиды.
2. Иммунтапшылық – науқастың ағзасы көптеген инфекциялармен күресуге шамасы келмейді.
3. Синдром – бұл тұрақты түрде бірнеше белгілер арқылы көрінеді дегенді білдіреді.