«Клиникалық зертханалық зерттеулер әдістері» пәні бойынша «Лейкоздардың жіктелуі. Лейкоз жасушаларының морфологиясы» тақырыбындағы ашық теориялық сабақ
Басты -> Жаңалықтар -> «Клиникалық зертханалық зерттеулер әдістері» пәні бойынша «Лейкоздардың жіктелуі. Лейкоз жасушаларының морфологиясы» тақырыбындағы ашық теориялық сабақ
«Лейкоздардың жіктелуі. Лейкоз жасушаларының
морфологиясы» тақырыбындағы ашық теориялық сабақ
2018 жылдың 3 қазанында арнайы пәндердің оқытушысы Б.В.Шаповалов «Клиникалық зертханалық зерттеулер әдістері» пәнінен «Лейкоздардың жіктелуі. Лейкоз жасушаларының морфологиясы» тақырыбы бойынша ашық теориялық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты КЗЗӘ бөлімі бойынша білім мен іскерліктерін қолдану және бекіту болды.
Оқытушы болашақ лаборанттар үшін тақырыптың маңыздылығын түсіндіріп, аталған тақырып бойынша ғылыми ақпараттар және әртүрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдардың жаңалықтарын пайдаланды.
Сабақ барысында оқытушы әртүрлі формалар мен әдістер, интерактивті жабдықты пайдалану арқылы инновациялық технологияларды, жұмыстың топтық және жобалық формаларын қолданды.
Студенттер сабақта жағдаяттық тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, нәтижелерді салыстырды.