Қостанай политехникалық колледжінде облыстық ғылыми-практикалық студенттік конференциясына (жет. Халбаева Г.Р., Каратаева М.М.) табысты қатысқандары үшін Д.Тургалиеваны (1 орын), М.Оттоны, К.Макарованы (3 орын) құттықтаймыз.

ҚЖМК бірінші курс студенттері үшін Қазақстан тарихының орта ғасырына шолу ұйымдастырылды



ҚЖМК бірінші курс студенттері үшін Қазақстан тарихының орта ғасырына шолу ұйымдастырылды

«Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» мамандықтарының бірінші курс студенттері үшін Қазақстан тарихының орта ғысырына соның ішінде көшпенді жауынгерге шолу жасалынды.

101 «Емдеу ісі» тобында Ярославцев Валентин оқиды. Ол 2013 жылы құрылған Он член общественного объединения Клуб Исторической Реконструкции "Temir Tumen" тарихи құралдар клубы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Клуб түркі халқының киімдерін, сауыт-саймандарын, қару-жарақтарын зерттеумен және қайта құрумен айналысады. Негізгі бағыттары: Орта Азия (XIV-XV ғасыр, Алтын Орда, Шағатай Ұлысы, Ильханат, Тамерлан Империясы, Моғолстан) және Орта Азия (XV- XIX ғасырдың аяғы, Қазақ хандығы).

Валентин орта ғасыр жауынгерінің киімін көрсетті. Бұндай жауынгердің киімі қосымша заттар мен қылышты есептемегенде 5 -6 кг құрайды. Қалағандар орта ғасыр жауынгерінің киімін киіп көрді.

Валентин сонымен қатар клубтың жұмысы жайында айтып кетті, клуб ТМД елдерінің аймағындағы көптеген турнирлерге және фестивальге қатысып отырады.

Студенттер Қазақстанның орта ғасыр тарихына шолу жасады. Аталған іс-шара «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының «Атқа міну мәдениеті» бағыты бойынша өткізілді.








Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ