Қостанай политехникалық колледжінде облыстық ғылыми-практикалық студенттік конференциясына (жет. Халбаева Г.Р., Каратаева М.М.) табысты қатысқандары үшін Д.Тургалиеваны (1 орын), М.Оттоны, К.Макарованы (3 орын) құттықтаймыз.

Тілдер дайындық кабинеттер конкурсы



Тілдер дайындық кабинеттер конкурсы

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі Қостанай қаласының 20 ұйымдары мен мекемелері қатысқан үздік қазақ тілі кабинеті конкурсын өткізген болатын. Біздің тілдер дайындық кабинеті аталған конкурста екінші орынға ие болды.

Оқу кабинеттерін қарайтын комиссия колледждің тілдер дайындық кабинетінің жабдықталуын, рәсімделуі бойынша жұмыстарын зерделеп, келесі қорытындыны шығарды:

Колледждің тілдер дайындық кабинеті кәсптік қазақ тілін оқытудың міндеттері мен мақсаттарына және оқытушы мен білім алушылардың оқу қызметінің бағытына сәйкес жабдықталған;

Білім алушылардың жұмысына арналған материалдар бар: арнайы пәндер бойынша электрондық кітаптар, жүйелендірілген тапсырмалар, ескертпелер, анықтамалар, рефераттар, энциклопедиялар, тапсырма үлгілері, қажетті әдебиеттер;

кабинетте оқытудың заманауи техникалық құралдары бар.

Кабинеттің жабдықталуында комиссия атап кетті: заманауилықты, ұқыптылықты, оқытылатын материалдарға сәйкес келуін, рәсімдеу эстетикасы.

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

* Тілдер дамыту кабинетінің қызметін жандандыру
* Тілдер дамыту кабинетінің жұмыс тәжірибесін таратуды жетілдіру
* Оқытушылар мен білім алушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
* Әрбір кабинеттің даму динамикасын анықтау.
* Оқу кабинеттерін жабдықтау бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу, жабдықтарды жүйелендіру және кабинет жұмысының сапасын жақсарту.

 








Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ