«Табакокурение За и Против» тақырыбындағы пікірталас
Басты -> Жаңалықтар -> «Табакокурение За и Против» тақырыбындағы пікірталас
10.05.2019 ж. Дүниежүзілік бронх демікпесімен күресу күніне арналған «Демікпесіз өмір сүр!» Ұлттық бағдарламасының аясында және бронх демікпесін алдын алу сұрақтары бойынша жастардың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында оқытушы Г.Ш.Мурзакулова 1 курс студенттері арасында «Табакокурение За и Против» пікірталас өткізді.
Пікірталас басталмас бұрын оқытушы СӨС еріктілерімен бірге студенттерге бронх демікпесінің даму қаупі жайында ақпарат ұсынды.
Студенттер темекі шегуді «қолдаймыз» және «қарсымыз» екі командасына бөлінді. Пікірталас барысында темекі өнімдерінің ағзаға тигізетін зияны туралы жақсы білімдерін көрсетті. «Оппозиция» командасы темекі шегуге қарсы көптеген нақты дәлелдерді және мысалдарды келтірді.
Іс-шараның соңында барлығы салауатты өмір салтын ұстану керектігін түсініп, өзінің және басқалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек деген шешімге келді.