№ 3 бөлімнің «Лабораторлық диагностика» мамандығының презентациясы
Басты -> Жаңалықтар -> № 3 бөлімнің «Лабораторлық диагностика» мамандығының презентациясы
28 қазанда Қостанай жоғары медициналық колледжінде «Лабораторлық диагностика» мамандығының презентациясы өтті.
Жүргізуші болған үшінші курс студенттері Тургалиев Даулет және Ватрас Анна өздерінің болашақ мамандықтары жайында әңгімелеп, ал бірінші курс студенттері колледж жайында өздерінің алғашқы әсерлерімен бөлісіп, бос уақыттарын қалай өткізетіндерін айтты.
Бөлім меңгерушісі Е.Ю.Шестакова және 101 «Лабораторлық диагностика» тобының кураторы А.Б.Рышманов жылы лебіздерін білдіріп, сөз сөйледі.
Бірінші курс студенттері Анищенко Вероника, Железина Карина, Кубекова Асель, Семенова Виктория, Кантаева Диана, Клочко Антон және Сайлаубек Ақжол ән салып, өлеңдер оқып, әзілдер көрсетті.
Шығармашылық номерлерден кейін бірінші курс студенттері ант қабылдап, сыйлықтар алды.