Ата-аналарға кеңестер

Ата-аналарға кеңестер


Отбасылық тәлім-тәрбие баланың қоршаған ортаны қабылдау негізін құрайды.

Отбасындағы баланың дамуындағы маңызды рөлі, баланы өмірдегі әлеуметтік шартқа даярлау, білімді игеру, икемділік, дағды және даярлықты қалыптастыру отбасына қатысты.

Әр отбасы бұл қызметті оның әлеуметтік және әлеуметтік психикалық қалпына, психологиялық-педагогикалық грамматикасына тәуелді атқарады.

 Қоғам алдында отбасының тәрбие оптимизациясы және оның қоғамдық тәрбиемен байланысын нығайту тұжырымдамасы тұрады.

Жеке тұлғаның қалыптасуы қоғамдық детерминацияалды индивидте іске асатыны сияқты әлеуметтік іс-әрекет процесінде соңынан жүреді. Әлеуметтік шарт және онымен байланысты тура сенімділік немесе жанама түрде адамның психикалық дамуына әсер етеді.

Әлеуметтік шарт және онымен байланысты тура сенімділік немесе жанама түрде жеке тұлғаның психикалық дамуына әсер етеді.

Ата-аналар арасындағы қарым-қатынас жағдайлары – балаларды тәрбиелеудегі түрлі амалдардың көзі.


Ата-аналардың мақсаты:

Ортақ шешімге келу, бір-бірін көндіру. Ымыраға келетін жағдай туындаса, міндетті түрде, екі жақтың талаптары қанағаттандырарлықтай болуы керек. Ата-ананың бірі шешім қабылдайтын болса, міндетті түрде, екіншісінің ойын ескергені жөн.

Бала ата-аналардың сөзге келіспеушілігін көрмегені дұрыс, яғни мұндай мәселелерді баланың қатысуынсыз шешу керек.

Шешім қабылдау барысында ата-аналар бірінші орынға өз көзқарастарын емес, баланың пайдасын қою керек.

Қатынас барысында оның принциптері айқындалады:

Оқушыны қабылдау, яғни баланы қарапайым өз күйінде қабылдау.

Эмпатия (уайым, қайғы жеу) – ересек күрделі мәселелерге бола көзімен қарайды, оның ұстанымына бой түзейді.

Болып жатқан іске қатысты ересек адамның тарапынан объективті қатынас.

Баланың жас ерекшелігіне сай ақыл айта білу маңызды болып табылады. Шынын айтқан баланы жазаламау керек. Түсіндіріп ескерту берген дұрыс. Балаға сын айтқанда ешқашан оның жеке басын кемітуге болмайды, ескертуді іс-әрекетіне қатысты айту керек.

Орындалмайтын қоқан-лоққы көрсетіп (мысалы, «құлағыңды кесіп аламын», «көзіңді оямын», «сирағыңды сындырамын»  деген сияқты), тәрбиені нәтижесіз етуге болмайды.

Басқа балаларды үлгі етерде, өз балаңызды төмендете сөйлеуден сақ болыңыз. Балада өшпенділік, көре алмаушылықтың дәнін егесіз.

Үнемі кемшілігін тауып, бетке басқаннан баланың ықыласы құриды. Кейде кемшіліктерін байқамаған болып, пікірді іште сақтап қалған да дұрыс.

Әйгілі В.Д. Пеккелис өзінің «Адам сенің мүмкіндіктерің» деген кітабында әр түрлі дарынды адамдардың қабілеттерін сипаттай келіп: «Дарынсыз адам жоқ, тек қана өзінде барын дамыта алмағандар ғана дарынсыз. Бірақ, қолайлырақ жағдай туса солардың өзі де данышпан болмағанмен қиыннан қиыстырып, көп мәселені шеше білетін ізденімпаз адам болып шығатыны даусыз» - деген шешімге келеді.

«Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі ....» Ж.Аймауытов.

«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог К.Д.Ушинский көрегендігі педагогикалық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендігінің дәлелі.

Оқушының қабілеттік деңгейін, зеректігін, зейінінің қасиеттерін анықтау нәтижесінде психолог мұғалім қолына оқушының мүмкіндігі туралы құнды деректер береді: білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды: педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін (мұғалім – оқушы, оқушы-оқушы, оқушы- басшы-мұғалім, оқушы-ата-ана, мұғалім-ата-ана) реттейді: топтағы психологиялық ахуалдың адымын байқап бір қалыпты ұстап отыруға мұрындық болады.

Осы орайда мектептегі психологтың әрекеті, жауапкершілігі күшейе түсері анық. Бұндай жағдайда ата-аналар мен мектеп психологының басты міндеттері: білім беру және тәрбиелеу әдістерінің сапалы жүзеге асырылуына көмектесетін, әр баланың танымдық деңгейінің көтерілуіне, қабілетінің ашылуына және жеке бастың қалыптасуын кәсіптік деңгейде жолға қоя алатын маман. Осы орайда мектеп психологының қызметінің негізгі бағыттарының бірі психодиагностикалық қызмет.

Психодиагностика – психологтың жұмысын жеңілдету үшін мектеп психологының психодиагностикалық жұмыстарды атқарудағы міндеттерін екі бөлікке бөліп қарастыруға болады.

Мектептің білім беру міндеттеріне байланысты оқушыны  психодиагностикалық тексеруден өткізеді, оның психологиялық мінездемесін даярлайды, педагогикалық шаралардың, әрекеттің нәтижесін болжайды.

Тәрбие беру міндетіне байланысты оқушының жеке басының қалыптасып дамуын, жағымды мінез-құлығының тұрақтануын қадағалау, оқушылардың әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеуге бағытталған жұмыстарында психолог диагност шешуші рөл атқарады және психодиагностикалық зерттеу – тексеру жұмыстарынан кейін консультациялық көмек беруді, жеке басты коррекциялау – дамыту амалдарын, психологиялық тренингті қолдана алады.

Сонымен тәрбие процесінің ұйымдастырылуына байланысты психодиагност төмендегідей міндеттерді басшылыққа алуы қажет:

Оқу-тәрбие үрдісінде бала тек ата-ана, мұғалімнің айтқанын қабылдаушы объект емес, оқу тәрбие әрекеті мен өзінің психикалық процесін басқара алатын, ұйымдастыра білетін, өзін-өзі бағалай білетін, іс-әрекетін түсінетін субъект болуы тиіс.

Болашаққа қадам жасаған баланың өз мүмкіндігін толық ашуы кемінде үш шарт қажет:

өзінің сарқылмас мүмкіндігінің бар екені;

осы мүмкіндіктері мен белсенділігін дамытуға құлшыныс білдіру;

өзінің өмірлік жоспарын жүзеге асыру үшін қайсар мінезді және барынша жетілген ерік-санасы болуы керек.

Осы шарттарды ескере отыра, баланы тәрбиелеуге ата-аналармен ынтымақтасу педогогикасын жүзеге асыру – балаға үйде де, мектепте де бірдей талап қою деген сөз емес. Ол ата-аналарды  педагогиканың, психологияның, дербес методиканың негіздерімен таныстырып, өз баласын сүюді үйрету.

Ересектер өздерінің күнделікті тәрбие жұмысында бала психологиясымен санасып, олардың мөлдір сезіміне дақ түсірмей, өздерінің бойындағы түрлі жағымсыз мінез-құлықтарына сын көзбен қарап,балаларға дұрыс үлгі бола білулері керек.

 








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ