Аймақтық симуляциялық орталық

Қостанай қ. Аймақтық симуляциялық орталығы

2014 жылдың желтоқсан айынан ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің шешімімен және денсаулық сақтау Басқармасының бұйрығымен колледж базасында Аймақтық симуляциялық орталық ашылып, симуляциялық технологиялардың көмегімен тәжірибелік оқытуды, тестілеуді, аттестаттауды және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби дайындықтарын бағалауды жүргізуге мүмкіндік пайда болды.

Симуляциялық орталық базасында облыстың медициналық қызмеркерлері диагностикалық және емдік процедуралардың дағдыларын, операциялық процедуралар стандарттарына сәйкес науқастарға күтім көрсету бойынша дағдыларды өңдейді.

Орталық қазіргі заманғы технологиялармен қолданумен жабдықталған: жоғары интеллектуалды параметрлерімен компьютерленген манекен-тренажерлермен, робот-симуляторлармен, электрондық фантомдармен, модель-муляждармен және процестерді үлгілеуге мүмкіндік жасайтын оқытудың басқа да құралдарымен жабдықталған.Оқытуды арнайы дайындықтан өткен жаттықтырушы-нұсқаушылар жүргізеді.

Симуляция қызметкерлерді науқастарға зиян тигізбей оқытуға мүмкіндік береді.

Өткізілген сабақты қарау бағдарламасы жағдайдың толық сараптамасын өткізуге көмектеседі және оқытудың тиімділігін арттырады.

Симуляция қызметкерлердің науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар оны толық, кезең бойынша және сенімді болуға мүмкіндік береді.


Орталық қызметкерлері мен педагогикалық ұжымның міндеті сабақ барысында әрбір білім алушының сабаққа байсалдылықпен және жауапкершілікпен қарауына жағдай жасау.


Медициналық қызметкерлерді дипломнан кейінгі білімдерін жетілдіру мақсатында, жаңа технологияларды енгізу, симуляциялық оқытуды дамыту мақсатында 2014 жылдың 03.06-дағы ҚР ДМ № 300 бұйрығының негізінде «Қостанай медициналық колледжі» МКҚК базасында Аймақтық симуляциялық орталық ашылып, симуляциялық технологиялардың көмегімен медициналық білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби дайындықтарын бағалауды жүргізуге мүмкіндік пайда болды.

Орталықтың білім беру қызметі мамандарды үздіксіз кәсіби дамытуды модернизациялауға, ұйым арқылы тәжірибелік іскерлік пен дағдыны нығайтуға және диагностикалық және емдік процедураларды меңгеруге арналған симуляциялық оқытуды өткізуге, науқастарға күтім көрсету дағдыларын (оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік-кластары) сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдарының қажеттіліктерін ескере отырып қосымша білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталған.

Симуляциялық оқытудың негізгі міндеті білім алушыларда құзыреттіліктің кең шоғыры қалыптасуына жағдай жасау болып табылады. Осының ішіне тез шешім қабылдау қасиетін дамыту және шұғыл жағдайларда бірнеше манипуляцияларды қатесіз орындау кіреді.

Симуляциялық технологиялардың негізгі басымдылықтары науқасқа зиян тигізбей оқыту және әрбір маманнның қол жеткізген кәсіби дайындық деңгейін бағалау болып табылады. Симуляциялық технологияларды қолдану кәсіби қателіктерді жіберуді азайтуға мүмкіндік береді.

Симуляциялық орталық шындыққа өте ұқсас толыққанды клиникалық жағдайды үлгілейтін муляждармен, қазіргі заманғы ақпараттық базасымен компьютерлік симуляторлармен жабдықталып, әрбір білім алушы мен топтың іс-әрекет алгоритмін өңдеуге мүмкіндік береді. Оқыту барысында келесі симуляциялық жабдықтар қолданылады: науқастарға күтім көрсету манекені, босанатын әйел мен жаңа туған баланың имитациясымен манекендер, «Госпитальға дейінгі» компьютерлік робот-симулятор, тыныс жолдарын интубациялауға арналған тренажер, орталық тамырларды катетерлеуге үйретуге арналған тренажер, трахеотомияға арналған тренажер, жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуге арналған ересек адамның және баланың манекені және .т.б

Орталық аудиовизуалдық және басқа да техникалық құралдармен жабдықталған. Оқыту үрдісі мен тәжірибелік дағдыларды өңдеу симуляциялық орталықта видеокамераға жазылып, қателерді талдау мен сараптау үшін дебрифингтік залда көрсетіледі.



Оқытуды арнайы дайындықтан өткен жаттықтырушы-нұсқаушылар жүргізеді.

Орталық қызметкерлерінің міндеті сабақ барысында әрбір білім алушының сабаққа байсалдылықпен және жауапкершілікпен қарауына жағдай жасау.














Колледж миссиясы

►еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, құзіретті, адамгершілігі бар, мейірімді, өзінің мамандығын жақсы меңгерген және әрқашан кәсіби дамуға дайын жоғары білікті орта медициналық білімімен мамандарды дайындау;

►талапқа сай білім алуда тұлға қажеттілігінің қанағаттануы, сонымен қатар медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ