Республикалық байқауының қорытындысы.



«Сүйемін туған тілді – анам тілін...» Республикалық байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Республикалық қосымша білім білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2015 жылдың 18 тамызынан 18 қыркүйегіне дейін Қазақстан халқының тілдер Күніне арналған «Сүйемін туған тілді – анам тілін...» Республикалық дистанционды интернет-байқау өткізген болатын.

Байқау 5 номинация бойынша өткізілді:
-
«Сказочник нашего времени» номинациясы.
-
«Алтын шумақ» (қазақ және орыс тілінде жазылған өлең жолдары) номинациясы.
-
«Қазақстан Тілдері» (авторлық сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар, викториналар, елдер тілдерінің қызықты мәліметтері туралы тесттер) номинациясы.
-
«Мое письменное творчество» (эссе, шығарма, очерк, публицистикалық мақала және т.б.) номинациясы.
-
«Мейрамға арналған үздік презентация» номинациясы.

Медициналық колледждің 2-3 курс студенттері Жумаев А. (203 МІ), Резова А. (201 ЕІ), Щуришина С. (201 ЕІ), Нугыманова А. (201 МІ), Абдурасилова М.(201 МІ), Лымарь И. (302 ЕІ), Торопкин А. (302 ЕІ) «Алтын шумақ», «Мое письменное творчество», «Лучшая презентация к празднику» номинацияларына қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша «18 және жоғары» жас категориясы бойынша «Мейрамға арналған үздік презентация» номинациясынан 302 «ЕІ» тобының студенті Гран-приді жеңіп алды. Игорь Қазақстан халқының тілдер Күніне «Своей игры» презентациясын әзірлеген.
















«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ